Жаңалықтар

Инсулин өндіріледі

    Қарағандыда инсулин шы­ға­рылмақ. Бұл туралы Ten­grinews.kz хабарлады.

Үш отандық өндіруші жақын уақытта 19 түрлі инсулин өндірісін жолға қоймақ. «СК-Фармация» холдингі бұл мақсатта «Қарағанды фармацевтика ке­­шені», «Хикма СНГ» және «Элеас» кәсіпорындарымен ұз­ақ­мерзімді келісімшарт жасады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 300 мың шамасында адам қант диабеті дертіне шалдыққан. Бұл дерек жыл санап арта түсуде.

Қант диабетімен ауыратын жандарды тиісті дәрі-дәрмекпен қамту мақсатында жылына 22 түрлі инсулин шетелден сатып алынады. Үстіміздегі жылы жұмсалған қаржы 6,6 млрд. теңгені еңсерген. Дегенмен, аталған инсулиндер дер кезінде жеткізілмеу фактісі тіркелуде.

Күрмеулі түйінді тарқатуда отандық өндіріс көмекке келмек. Кәсіпорындар алдағы бес жылда толық қуатына шығуы қажет. Қарағандылық кәсіпорында инсулиннің 8 түрі шығарылатын болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button