Жаңалықтар

Индустриалдық даму жолы

    Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында біздің қоғамымыз үшін аса өзекті 10 нақты мәселені көтерді. Еліміздің әлемдік дағдарыстың түрлі сынақтарынан сүрінбей өтіп, қарқынды экономикалық даму жолына бет бұрғанын жеткізген Елбасы: «Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы жүзеге асырылуда. “100 нақты қадам” Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», – деп халқымыздың бұған дейін жүріп өткен жолының табысты болғанын ерекше атап өтті.

Тәуелсіздік жылдарынан бері еліміздің әлемдік қауымдастықтан өзіне лайықты орын алуына көреген саясатымен қол жеткізген Мемлекет басшысы Жолдауында Қазақстан халқына 10 нақты негізгі міндетті атап көрсетті.

Президент Н.Назарбаев Қазақстан экономикасын дамытуда индустрия мен жаңа технологияларды енгізуде әлемнің озық технологияларымен тең дәрежеде болуы керегі айтылып, өнеркәсіптегі өндірісті цифрландыруды тапсырды. Бұл дегеніміз енді ауыр өндіріс пен ауыл шаруашылығы және көлік пен логистика инфрақұрылымын дамытуда жаңа дәуірдің басталғандығын паш етеді. Заманауи технологияны дамытуда интеллектуалдық ақыл-ой мен ғылым мен білімнің озық жаңалықтарын өндіріске қарқынды түрде енгізіледі. Елбасының Жолдауындағы осынау жоғары міндеттерді жүзеге асырылуы Қазақстан қоғамының төртінші индустриалдық даму жолына түскенін көрсетеді.

Интеллектуалдық қоғам дамуының басты ұстанымы адам капиталы мен ақыл-ойының дамуымен өлшенеді. Елбасының берген нақты тапсырмаларында әлеуметтік салаларда жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақысының өсетініне қосымша қаражаттың қарастырылатыны айтылды. Қаржы-экономикалық секторларға да ерекше бақылау мен талаптың күшейтетіні сөзсіз болатын болды. Мемлекет дамуының негізгі көрсеткіші құқықтық-заңдық нормативтердің орындалуы қатаң түрде жүзеге асырыла беріп, жемқорлықпен күрес басым бағыт болып қалатына айтылды.

Осындай өзекті әрі кезек күттірмейтін міндеттерді орындауда қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының маңыздылығын жеткізген Елбасы Н.Назарбаев Үкімет пен әкімдерге Жолдауды халыққа кеңінен түсіндіруді тапсырды. Биылғы Елбасының Жолдауында Қазақстан халқын дамудың жаңа белесіне алып баратын мақсат-мұраты айқындалды. Ендеше, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді 2050 стратегиясының басты міндеті санаған Қазақстан Республикасының мұраты айқын.

Нұртас СМАҒҰЛОВ,

Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың

Қазақстан тарихы және

ҚХА кафедрасының, аға оқытушысы, PhD докторанты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button