Жаңалықтар

Індетпен күрес – міндет

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауының талаптарына сәйкес, мемлекетіміздің одан әрі дамуына, әлемнің үздік 30 елінің қатарынан жеделдетіп көрінуіне әсер ететін жаңа мақсаттар мен міндеттерге аса мән беріліп, еліміздің дамуын тежейтін кедергілерді жою мәселелері қарастырылуда.

Сол кедергілердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Жолдауда осы індеттің алдын алуға бағытталған күрестің жалғастырылатыны атап көрсетілді. Мұны тек мемлекеттік органдарға ғана емес, еліміздің әр азаматына берілген тапсырма деп түсінгеніміз жөн. Себебі, қоғамымыздың таза, ашық болуына, еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне барлығымыз бірдей жауаптымыз.

Елбасымыздың өзі аталмыш маңызды құжатта бұл бағытта көп жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті. 2014 жылдың соңында Мемлекет басшысы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын бекітті. Ал, одан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қабылданды. Сол уақыттан бастап, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түбегейлі жаңа үлгісі жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтсақ, негізгі басымдық алдын алу шараларына, оның ішінде, жемқорлық көріністерінің пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және оны жоюға, екіншіден, сауаттандыру шаралары – халықтың барлық әлеуметтік топтарына арналған оқыту, түсіндіру жұмыстарына, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға берілуде. Яғни, жемқорлықтың салдарымен емес, оның бастапқы себептерімен күреске баса назар аударудамыз. Сондайақ, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері үнемі басшылыққа алатын құжаттарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы техникалық оқытулар, хаттамалар жүргізіледі.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button