Спорт

Хоккейшілеріміз плей-офф кезеңінде

АҚШ-та өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада хоккейден Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуінде АҚШ құрамасынан 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Десе де ұпай айырмашылығы бойынша отандастарымыз плей-офф кезеңіне шығып тұр. 

Алғашқы айналымның бірінші минутында қарсыластар есеп ашты. Гол авторы — Мэттью Хайнволл. Алайда, отандастарымыз араға төрт минут салып, таразы басын теңестірді. Бұл жолы Батырлан Мұратов мергендігімен көзге түсті. Дегенмен қарсыластар алғашқы айналымның соңғы минутында есепті еселеді. Майкл Макхесни өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібермей, шайбаны қақпаға тоғытты.

24-ші минутта Мэттью Хайнволл дубль атанып, командасын есепте алға шығарды. Араға төрт минут салып Куинн Грин есепті 4:1-ге жеткізді. 

Топтық кезеңде 5 ойын өткізіп, қатарынан 4 мәрте жеңіске жеткен қазақстандықтардың қоржынында — 12 ұпай. Өкшелеп келе жатқан (10 ұпай) Словакия құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларынан айласын асыра алмады. Ал, 9 ұпаймен турнир кестесінде ІІІ орында тұрған АҚШ құрамасы алдағы уақытта Венгрияға қарсы ойнайды. Егер ағылшындар қарсыластарын жеңгеннің өзінде, отандастарымыз топтық кезеңнен ІІ орынмен шығады.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button