Хоккейшілер алда келеді

Қарағандылық «Шахтер» хоккей клубының тәрбиеленушілері Руслан Демин, Саян Данияр, Иван Гавриленко және Денис Қаратаев 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтетін ХХХ Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Қазақстанның студенттер құрамасының атынан өнер көрсетеді.   

Ел құрамасы топтық кезеңдегі ойынын сәтті бастады. Алғашқы кездесуде Оңтүстік Корея жастарын 1:5 есебімен жеңді. Екінші кездесуінде Венгрия құрамасын жолда қалдырды. Осы ойында қарағандылықтар керемет ойын өрнегін көрсетті. Руслан Демин әріптестеріне бес голдық пас беріп, көзге түсті. Сонымен қатар, Саян Данияр қос голдың авторы атанды. Ал, қарағандылық қақпашы Денис Қаратаев бір ғана гол жіберіп, көрермен қошеметіне бөленді.

Жастар құрамасы топтың кезеңнің үшінші кездесуінде Ұлыбритания құрамасының жастарын 15:1 есебімен тас-талқан етті. Бұл ойында Руслан Демин – 1 гол, Иван Гавриеленко – 1 гол, 1 пас, Саян Данияр – 3 голдық пас беріп, жеңіске қомақты үлес қосты. Осылайша, отандастарымыз 3 ойын өткізіп, бәрінде жеңіспен аяқтады. Қоржында – 9 ұпай. Алдағы уақытта Словакия құрамасымен ойнайды.  

Оrtalyq.kz