Руханият

Хикметке жасырынған хикаяттар

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төкен Әлжантегі – жазиралы Жаңаарқа топырағының төлі. Шығармашылық өмірі есті оқырманның көз алдында. Жақында жазушының Алматыдағы «Дәуір» баспасынан «Ебіл-дебіл дүние» атты жаңа кітабы жарық көрді. Өн бойына 12 повесть жинақтаған еңбек мемлекеттік тапсырыспен ендігі республика шеңберіндегі кітапханаларға таралып ып-ыстық күйінде оқырман қолына тиіп үлгерді.

Автор хикаяттарында заман тынысы, өмір ақиқатын көркем тілмен шынайы суреттеп, оқырманының тосын ой тұжыруына мүмкіндік ұсынады. Әр туындысының оқиғасы қанық, желісі шымыр.

Айта кетерлігі, қаламгер шығармашылығының өн бойында теріске шығарып тастар бір де бір кейіпкер жоқ һәм «маңдайынан сүйе қояр» һас жақсысы да жоқ. Әрбір персонаж – өмірдің өзіндей. Кез келген шығармасы табиғатпен етене жақын. Оның қаламынан қазақ азаматын бірден жырағытасыз. Стильдік ерекшелігі де – осы. Әсіресе, табиғаттың тынысын беруі акварелистің суреттеріндей ап-айқын. Сонысымен баурайды. Табиғат. Адам. Суреткерлік. Терең психологизм. Міне, осы ұғымдар Әлжантегі шығармашылығының негізгі тіні.

«Қазақ прозасында мен байқаған екі желдіртіп жазар жазушы бар. Біреуі – жырлап жазады. Біреуі – сырлап жазады. Алғашқысы Оралхан болса, кейінгісі – Арқаның Әлжантегісі» деп кетіпті ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Қалихан Ысқақ. Олай болса, қадірлі оқырман, жалғанның жарығына енді шыққан су жаңа кітап сөреңізден түспегей.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ.

Оrtalyq.kz   

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button