Жаңалықтар

«Хат» оқырманға жол тартты

   Хат – көне заманнан бері адамдардың қарым-қатынас жасаудағы байланыс құралы.  Жеделхат, ресми хат, қызметтік жеке хат, ұсыныс хат, сұраныс хат, шағым хат, циркуляр хат, жолдама хат. Ал, біздің қолымызға тиіп отырған әріптесіміз, облыстық «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары Қуаныш АМАНҚҰЛОВТЫҢ «Хат» атты жыр кітабы. Бұл жас ақынның жүрегінен жарып шыққан оқырманға арналған – өлең хаты.

Иә, елге деген сағыныш сәлемін, перзенттік тілегін өлеңмен жеткізіпті. Бастапқы сөзін Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Абзал Бөкен ағамыз жазыпты. Шағын ғана кітап. Шағын екен деп қомсынуға болмас. Тұнық жырларында әуезді үн, өрбіген тәтті сезім, сағыныш көрініс тауып тұр. «Өлеңнің өзенін күт, хатымды қайық қылдым» деп автордың өзі айтпақшы, «өмір» атты жағалаудағы жұртқа олжа болардай кітаптың арқалаған жүгі көп. Сағыныш сазы мен жүрек тебіренісін қозғайтын жыр жолдары поэзия патшалығында сайран салып, алтын тәж киіп тұр. Бұл өлеңмен мұңдас, сырлас Қуаныштың орда бұзар отыздың биігінде өзіне берген есебі деп ой түйдік. Қалғанын алдағы күннің алтын шуағына, өлеңсүйер қауымның еншісіне қалдырдық. Кітап құтты болсын!

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Back to top button