Жезқазған

«Халық сенiмi» – сенiмдi иеленуде

    Жезқазған қаласында облыстық прокуратурамен бірлескен «Халық сенімі» қанатқақты жобасы бастау алды. Бұл жоба бойынша жұмыс алты бағытта өрбиді. Дәлірек айтқанда, ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бизнесті дамыту, әлеуметтік көмек көрсету, дін, медиа ілеспе, теракт қаупінің алдын алу мәселелерін қамтиды.

Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Мырзабекова жобаның мақсаты мен міндетін баяндады. Сондай-ақ, дін саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алудың мәніне тоқталды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жастардың білімсіздіктен дін ісінде адасып, балақтарын кесіп, қазақ қыздарының қара киімдермен бүркеніп жүргені хақында айтқан сөзінің маңыздылығын және атап өтті. Сондықтан дін ісіндегі жұмыстар жағдайды жақсартуға және іргетасты мықтай түсуге негізделген. Бұл орайда жұмыс үш бағытта жүргізілуде.

Алдын алу үшін ұйымдармен, мектептермен, қаланың колледждерімен ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді. Дәстүрлі емес дін өкілдерімен жеке кездесулер ұйымдастырылады. Мақсатты топтармен жүздесу де жолға қойылған. Жедел желі де тәулік бойы іске қосылған.

Қарағанды облысы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бас маманы Р.Қуанбаев тарифті бекіту және қарастыру туралы түсіндірді. Энергия беретін екі ұйым – «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС және «Қазэнергоцентр» ЖШС-ға қатысты сұрақтарға толымды жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік қызмет, азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетуде олардың құқықтары да сөз болды.

Жоғарыда аталған бағыттың бірі – «Кәсіпкерлік ортаның дамуы» болып табылады. Аталған бағыттың мақсаты – бұқараны жаппай кәсіпкерлікке тарту. Бағыт бойынша тұрғындарға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, бұл бағдарламалардың қатарында «Бизнестің жол картасы – 2020», Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламалары бар. Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасының екінші бағыты бойынша жылына 6 пайыз болатын 18 млн. теңгеге дейін шағын несие беру жоспарлануда.

Сонымен бірге, инновациялық жобаларды енгізуді қолдау және бизнес ашу, тіркеу, салық төлеу, құрылыс салу мен бизнес үшін жер телімін алуға қатысты мәселелер де жан-жақты түсіндірілді. Жұмыссыз азаматтар да көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, тиянақты жауап алды. Барлық дерлік сұрақтар сол арада шешілді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button