Руханият

«Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы табысталды

«Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясымен шыққан Қазақтың ұлттық күнтізбесінде 9 сәуір – Мемлекеттік тіл күні деп бекітілген еді. Мерекеге орай мәдениет пен ұлттық құндылықтарды насихаттауға қосқан үлесі үшін біршама азаматтарға республикалық «Халық мұрасын насихаттағаны үшін» сыйлығы табысталды.

Аталған сыйлықты тағайындаудағы мақсат ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жеке бастамалар мен жобалаларды атап өту және осы арқылы халық мұрасының насихатталуын қолдау. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін Тәуелсіздік лентасымен марапаттады.
Қазақ халқының ұлттық санасының жаңғыруы оның тарихында жатса, сол жаңғырған, түлеген ұлттық болмыстың басты көрінісі мемлекеттік тілге көрсеткен құрметімізде болса керек. Барлықтарыңызды осы атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, еліміз гүлдене берсін демекпін – дейді халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының төрағасы, профессор Темірғали Көкетай.

Сондай-ақ, «Қазақ күнтізбесі» жобасы шеңберінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған Мемлекеттік тіл күні, Қазақ тарихы күні, Аяулы қазақ қыздары күні, Ұлттық ойындар күні, Аяулы ата-аналар күні, Қазақ өнері күні, Қазақ әдебиеті күні, Туған жер күніне белсене қатысқаны үшін келесі азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды.
Нұржан Сұршаұлы

Басқа материалдар

Back to top button