Сәтбаев

Халыққа есеп берді

    Сәтбаев қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторларының тұрғындар алдында есеп беру жиыны өткізілді. Маңызды кездесуге қала әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВ, қалалық полиция бөлімінің басшылық құрамы, қоғамдық кеңес мүшелері, басқа да мүдделі тараптар мен жалпы жұртшылық өкілдері қатысты.

Жиын барысында, алғашқы кезекте, жиылған қауым полицияның учаскелік инспекторларының есепті хабарламаларына ықыласпен құлақ түрді. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан әлеуметтік маңызы бар, көкейкесті сипаттағы біршама өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды оңтайлы шешудің тиімді жолдары қарастырылды. Сауалдар тізбегінен қала жұртшылығын ересек адамдар үшін демалыс орталықтарының ұйымдастырылуы, көшеде қайыр сұрап жүретін тіленшілерге тосқауыл қойылуы, иесіз иттер мен мысықтар санының көбейіп кетуі, түн мерзімінде спиртті ішімдіктердің сатылуы, нашақорлардың парықсыз әрекеттері секілді жайттар алаңдататыны аңғарылды.

Тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға полиция бөлімінің басшылық құрамы мен тиісті құзырлы органдардың өкілдері жауап қайтарып, алдағы кезеңде қолға алынатын істер хақында мәлімдеме жасады.

Көтерілген мәселелерді тың­ғылықты талқылаудан кейін қала әкімі Асқар Ыдырысов күрделі мәселелердің күрмеуін жедел шешу бағытында нақты тапсырмалар беріп, соған орай, атқарушы билік тарапынан пәрменді шаралар қолға алынатынын айрықша атап өтті.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

СӘТБАЕВ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button