Гранттар саны көбейеді

        «Қазақпарат» агенттігінің хабарлауынша, биыл елімізде бакалавриат, магистратура және докторантураға қосымша он мың грант бөлінбек.

       Үкімет отырысына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, елдегі демографиялық жағдайға қарағанда, алдағы уақытта білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Сол себепті, биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура және докторантураға бөлінетін гранттардың саны республикалық бюджет есебінен 10 мың орынға артпақ. Бұл норма Мәжілістің қарауына ұсынылған.

         Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі 130 жоғары оқу орнында 520 мыңнан астам адам білім алады. 500 мыңнан астамы колледждерде, 2,8 млн. оқушы мектепте оқиды.

Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.