Головкин үздіктер қатарынан түсіп қалды
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әр дивизиондағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұған дейін үздіктер қатарында тұрған орта салмақтағы Әлем чемпионы жерлесіміз Геннадии Головкин (42-2-1, 37 КО) рейтингтен түсіп қалды.

Оған себеп – спортшының ұзақ уақыт бойы шаршы алаңға шықпауы. Жерлесіміз былтыр қыркүйекте соңғы рет Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 KO) жұдырықтасқан болатын. Енді бұл рейтингте отандасымыз Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) көш басына шықты. Бұған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері ІІ орында тұрған болатын.
Айта кетейік, бұл салмақтағы WBC чемпионы – америкалық Джермалл Чарло (32-0, 22 КО).
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz