Жаңалықтар

Гепатиттен сақтаныңыз!

«А» вирусты гепатит – адамның аса көп таралған инфекциялық, бауырдың зақымдануымен сипатталатын дерт түрі. Вирусты гепатитті жұқтыру көзіне ауру адам немесе сау вирус тасымалдаушы жатады.

Дерт вирус адам ағзасына түсіп, даму және көбею кезінде басталады. Бірақ, бастапқыда клиникалық көріністер болмағандықтан адам науқас екенін білмейді. Вирустың осы түрі қоршаған ортада өте төзімді. Бөлме температурасында бірнеше апта немесе ай  көлемінде, ал, 4С – бірнеше ай сақталады.

Дерттің осы түрін емдегеннен алдын алу жеңіл. Сондықтан, адам өзін вакцинациялау көмегімен қауіпсіздендіру қажет. Вакцинациялау екі реттік жиілікпен арасына 6 ай сала отырып екі жастағы балаларға жасалады.

Аурудың аса көп таралу жолдарының бірі – тұрмыстық қатынастық. Тамақ пен су арқылы, сонымен қатар, АВГ ауруын «лас қол» ауруы деп те есептейді.

Алдын алу шаралары қарапайым және әркімге қолжетімді. Сондықтан, келесідей ережелерді мұқият сақтаған дұрыс:

– Жеке бас тазалығын қатаң сақтау, тамақтанар алдында, дәретханадан кейін, жұмыстан, көшеден және басқа жерден келген соң қолды жуу;

– Көкөністі, жемісті жылы су астында жуу және ыстық сумен шайып алу қажет. Осы уақытта оларды шикі түрде тамаққа тұтынбаған дұрыс.

– Көкөністерді (әсіресе, тамыр жемістерін) сыртқы қабатынан тазартып, термиялық өңдеуден соң тамаққа пайдаланған жөн.

– Ауыз суына тек қана қайнатылған және/немесе бөтелкедегі суды пайдалану қажет.

– Адамдар көп жиналған ғимараттарды таза ұстау керек. Зарарсыздандыру және жуу құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазарту жұмыстарын тұрақты өткізу керек.

– Белгіленбеген орындарда тағам өнімдерін сатып алмаған дұрыс.

– Тамақтанарда, су мен сусындар ішерде асхана ыдыстарының жеке пайдаланылуын қадағалап отыру қажет.

Қ.БАЙМҰХАМБЕТОВ,

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button