Спорт

Геннадий Головкинді рейтингте жаңартылған тізімінен алып тастады

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) чемпиондық атағын қорғаудан бас тартқан қазақстандық Геннадий Головкинді рейтингтен алып тастады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Bassport.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жерлесіміз иелік еткен белдік бос тұр. Ұйым жариялаған жаңа рейтингте орынды бразилиялық Эскива Фалькао көш бастап тұр. Одан кейінгі орында австралиялық Майкл Зерафа, германиялық Винченцо Гуальтьери – үшінші сатыда.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов VII орында тұр. 

Алдағы уақытта Эскива Фалькао мен Майкл Зерафа белдікке таласады деген болжам бар. 

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белдігін қайтарып бергені туралы жазған болатынбыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button