ЖаңалықтарСпорт

Гена – «Жыл адамы»

   Жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН – «Жыл адамы».

Әлемдік бокс кеңесінің  (WBC) басшысы Маурисио Сүлеймен «Қарағанды қабыланын» «Жыл адамы» деп жариялады.

Бұл атақ Генаға бокс спортының дамуына қосқан айрықша үлесі үшін беріліп отыр.

«GGG – Жыл адамы». Ол бокс үшін шаршы алаңда да, одан тыс жерлерде де қыруар шаруа тындырды», – дейді Маурисио Сүлеймен.

Бұған дейін Гена британдық «WorldBoxingNews.net» сайтының ұйғарымымен үздік боксшылар рейтінгінде көш бастаған еді. Рейтингтегі өзгерістер Андре Уорд кәсіпқой карьерасын аяқтап, Головкин Сауль Альвареспен тең түскеннен кейін орын алды. Генадан кейін үздік үштікте Теренс Кроуфорд пен Василий Ломаченко орналасқан.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button