Гена – P4P- королі
WBC жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИНДІ «P4P-королі» деп атады. Осыдан төрт жыл бұрын Гена әр түрлі салмақтағы боксшылар арасында үздіктер үштігіне кірген еді. Кәсіпқой бокстағы 37 кездесудің бірінде тең түсіп, 36-сында жеңіс туын тіккен былғары қолғап шебері 21 қарсыласын сұлатып салып, атақты Майк ТАЙСОННЫҢ нокаут жөнінен рекордтық көрсеткішін жаңалады.
Биылғы қаңтардың аяғындағы «WBC-тің» твиттердегі микроблогындағы мәлімдеге сүйенсек, «GGG: P4P-королі, жылдың үздік боксшысы, нокауттар проценті – 80% астам», – делінген. Дауысқа салушылар «Қарағанды қабыланын» «Жылдың үздік боксшысы» деп танып, «орта салмақта көш бастаған патша» деп баға берген. Боксшының ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріне әлем таңдануда.
Расымен де, бүгінгі күнде қазақ елінің біртуар, қайталанбас тұлғасы, белгілі спортшы Геннадий Головкинді білмейтін жан кемде-кем. Кезінде әуесқой бокста Қазақстан намысын әлем және Олимпиада ойындарында абыройлы қорғай білген боксшы қазіргі таңда еліміздің атын кәсіпқой деңгейде бүкіл әлемге әйгіледі.
Нұрдос КӘРІМ