Руханият

Францияда қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмесі өтті

Әлемге әйгілі қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмелері Францияның түрлі қалаларында өтуде. Көрмелер сериясын бейбітшілік қозғалысы (Mouvement de la paix), Ренн-Алматы бауырлас қалалар комитеті, ҚР Франциядағы Елшілігі және Страсбургтегі ҚР Бас консулдығы ұйымдастырды. Суретшінің сапарына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, сондай-ақ “Аманат” партиясының облыстық филиалы қолдау білдіріп, қаржылай көмек көрсеткен.

Суретші француз жұртшылығына 17 шығармасын ұсынды, олардың көпшілігі – антиядролық тақырыптағы шығармалары, сонымен қатар Қазақстанның пейзаждары. Суретшінің Айкүміс Сарсен атты көмекке мұқтаж кішкентай қарағандылықты қолдау үшін салған картиналарының бірін Қазақстанның Франциядағы елшілігі сатып алды. Суретші түскен қаражатты Айкүмістің отбасына бермек.

Күйіковтің көрмелеріне тәнті болған француз жұртшылығы осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталды. Көптеген келушілерді қолсыз дүниеге келген және ауызбен сурет салатын Кәріпбектің өмір тарихы, сондай-ақ, Семей полигонындағы ядролық сынақтардың басқа да құрбандарының өмірі таң қалдырды.

Кәріпбек Күйіков осы көрме жобасын жүзеге асырған барлық қолдаушылар мен ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс білдірді.

Көрме жайлы толық ақпаратты газеттің сенбілік санынан оқи аласыздар.

Басқа материалдар

Back to top button