Спорт

Финонченконың терең тәлімі

    Химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінде Андрей ФИНОНЧЕНКОНЫҢ қатысуымен дене шынықтыру сабағы өтті.

Қазақстан Республикасының қос дүркін чемпионы, Қазақстан кубогінің және суперкубогінің иегері, «Шахтер» футбол клубының капитаны Андрей Финонченконың білім ордасында сабақ өткізуі «Физкульт-ура» жобасы арқылы жүзеге асты.

10 «В» сынып оқушылары аяқдоп шеберлігінің қыр-сырына үңілді. Танымал спортшы шәкірттерге футбол ойынының түрлі элементтерін көрсетті. Жаттығулар өте қызықты өтті.

Сабақтың соңында оқушылар спортшымен бірге естелік суретке түсті. А.Финонченкомен емін-еркін әңгімелесті. 2013 жылғы УЭФА Чемпиондар лигасында футболшының шотландық «Селтик» қақпасына соққан голын таңданыспен сөз етті.

Бастысы – ұл-қыздар ерекше әсерге бөленді. Сондай-ақ, А.Финонченкоға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

Саматбек ҚАЛЫБЕКОВ,

Бағлан ҚОНАҚБАЕВ,

Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button