Жаңалықтар

Федор ШИЛЯЕВ

Ғасыр құрдасы Федор Федорович Шиляетің туған жері – қазіргі Свердлов облысындағы Верхотура станциясы. Теміржолшының баласы Федя 14 жасынан еңбекке араласты. Ол Азамат соғысына қатысты, бронепоездың от жағушысы болды. 1929 жылы Қиыр Шығыс теміржолындағы қақтығысты басуға атсалысты.

1942 жылы Қазақстанда жасақталған әскер құрамында ол басқыншыларға қарсы күреске аттанды. 1944 жыл, жалпыға мәлім, жаудың беті қайтып, батысқа қарай ығып бара жатқан кезі. Қанқұйлы дұшпан әрбір сүйем жерді тірек етіп, жанталаса соғысты. Осындай бір жолы старшина Шиляев басқарған шабуылшы саперлер тобы Шумилинск маңындағы жау бекінісіне қарай ұмтылды. Оларға қарсы танк күшіне сүйенген неміс ротасы бас көтерді. Осы кезде Шиляев бұғып жатып, жауды жүз метрдей жерге таяп келтірді де, қырып салды.
Маусымның 25-іне қараған түні Батыс Двина өзенінің Витебск тұсында арғы жағаға өтуге бұйрық алған Шиляевтар судан өту үшін сал байлап, дайындық жасады. Жауып тұрған оқтың астымен жүзіп өткен қаһарман топ арғы жағаға өтуі мұң екен, дұшпан жанталаса атқылай бастады. Бірақ, Шиляев тобы қайтпады, жауға қарсы ұмтылды. Дұшпанның қарқынын басып, біздің жауынгер-лердің өзеннен шығынсыз өтуіне мүмкіндік берді. Шиляев бөлімшесі бір түнде алты сал жасап, суға түсірді. Арғы жағаға өткен атқыштар жауға аяусыз соққы берді.
Түнімен соғысқан Шиляев ертеңінде өзінің қандай ерлік жасағанын ойлаған да емес еді. Әуелден сыпайы да қарапайым жігіт өз борышын ақтағанын ғана білді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 22-шілдедегі Жарлығымен 1-ші Балтық майданы 43-ші Армияның 5-ші шабуыл-шы инженерсаперлер бригадасы батальонының бөлімше командирі, старшина Федор Федорович Шиляевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Федор Федорович Қарағандыда тұрды. 1969 жылы қайтыс болды. Михайлов зиратына жерленген.

Басқа материалдар

Back to top button