Жаңалықтар

Этикалық нормаға – ерекше бақылау

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 2017 жылдың 30 қарашасында Қарағанды облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының Қарағанды облысының құрылыс басқармасына қосылу жолымен қайта құрылды.

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық маңызы бар нысандарды, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және қоршаған ортаны қорғау нысандарын салу және қайта жаңарту бойынша бюджеттік бағдарламаларының әкімгері болып табылады.

Құқық қолдану практикасы көрсеткендей, құрылыс саласы мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұшырауы мүмкін.

Осыған байланысты 2017 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесіне өзгерістер енгізілді, мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау кезінде (қабылдау-тапсыру актісі, орындалған жұмыстар актілері, шот-фактура) электрондық формада ресімделеді.

Жеткізуші веб-портал арқылы тапсырыс берушіге бекітілген электрондық – цифрлық қолтаңбасымен тауарларды қабылдау-беру актісін, орындалған жұмыстардың, жұмыстар мен қызметтер тауарлары туралы мәліметтерді толтыра отырып, көрсетілген қызметтердің актілерін жібереді. Қабылдаған жағдайда, тапсырыс беруші веб-порталда электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) арқылы орындалған жұмыстар актісін бекітеді немесе, дәлелденген негіздеме көрсете отырып, жұмыстарды қабылдаудан бас тартады.

Ережеге енгізілген өзгерістер құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендетеді және актілерге қол қою фактілерін және орындалмаған жұмыстарға төлемдерді болдырмайды, себебі шартты орындау бойынша мердігермен ұсынылған құжаттар веб-портал арқылы беріледі, бұл құрылыс процесінің ашықтығын арттырады.

2017 жылы Қарағанды облысы «Мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу» жобасын іске асыратын үш облыстың біріне кірді. Осы жоба аясында ағымдағы жылы Теміртау қаласында 600 орынды мектептің құрылысы басталды.

Бұл жоба онлайн режимінде мердігерге ақшаны аударудан бастап құрылыс материалдары мен құралдарын сатып алу, салықтарды төлеуге дейін бюджеттік қаржылардың қозғалыстарын толық қадағалау мүмкіндігін береді.

Жобаны енгізгеннен кейін бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану күрт қысқарады, бұл объектілерді пайдалануға берудің орындалмау тәуекелдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталмыш жоба инжинирингтік қызметтерді қолдана отырып, жаңа бақылау әдісі – Супервайзерді қарастырады, яғни, ол авторлық, техникалық қадағалау және қаржылық есептерді растау функцияларын біріктіретін жобаны басқаруды жүзеге асырады.

Қазіргі кезде Қарағанды облысында жүзеге асырылатын «Мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу» пилоттық жобасына қосымша ірі нысандарды қосу мәселесі қарастырылып жатыр.

Жобаны іске асыру қамтамасыз етеді:

төлемдердің ашықтығын;

салықтардың толық төленуін;

құрылыс сапасының мониторингісін арттыру;

бюджеттік қаржыны мақсатты пайдалану;

сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды;

қазақстандық мазмұнға бақылау жасау.

Болашақта бақылау тиімділігін арттыру үшін Супервайзер қызметін қолдану практикасын неғұрлым ерте кезеңдерде – ТЭН мен ЖСҚ әзірлеуге мемлекеттік тапсырысты беру ұсынылады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселесі бойынша жемқорлыққа қарсы және көлеңкелі экономикаға қарсы стратегиясын орындау үшін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен келесі жұмыстар жүргізілді.

Тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселесі бойынша семинарлар жүргізіледі.

Басқарманың интернет ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған құқықтық ақпаратқа елдің кең қолжетімділігі үшін қарастырылған арнайы тарауын қалыптастыру қамтамасыз етілді. Сайтта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан үзінді бекітілген жадынама орналастырылған, сондай-ақ, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Саll-орталық сенім телефоны көрсетілген ақпараттық стенді, басшы мен оның орынбасарларының жеке қабылдау кестесі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы ақпаратты орналастыруға арналған стенд, «Құрмет тақтасы», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері үшін пошта жәшіктері бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындау бойынша жұмыстар және басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормаларды сақтауы тұрақты бақылауда.

Ж.Мырзағали,

Қарағанды облысының

құрылыс, сәулет және

қала құрылысы

басқармасы басшысының

орынбасары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button