Қарқаралы

Эстафета жалауы – Қарағайлыда

Қарқаралы ауданында Жастар жылына орай бастау алған «Жастар жалыны» эстафетасы Татан ауылынан Қарағайлы кентінің жастарына табысталды.

Эстафета жалауы Татан ауылында 2 апта болды. Осы аралықта ауыл әкімшілігінің, мектеп ұжымының және белсенді жастарының ұйымдастыруымен қайырымдылық, экологиялық, спорттық, патриоттық және мәдени шаралар өтті.

Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры Аслан Рахымбергенов мектеп оқушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және мамандық таңдау тақырыптарында семинар-тренинг өткізді.

Аудан көлемінде өтіп жатқан «Жастар жалыны» эстафетасында Елбасының Жолдауын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларының негізгі басымдықтарын басшылыққа ала отырып, жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауыл жастарына Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мақұлдаған діни кітаптардың қысқаша тізімі, жеткіншектер мен жастарға арналған діни қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы жадынамалар, дәстүрлі ислам туралы сайттар, деструктивтік діни ағымдардың ықпалына түскен адамдардың бойындағы өзгерістер туралы үнпарақтар таратылды.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button