Аймақ

Ертең Қарағанды облысында дыбыс сиреналары қосылады

Ертең, 7 қыркүйекте сағат 10:00-де Қарағанды облысының барлық аумағында дыбыстық сиреналар іске қосылады. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

 

– 2023 жылғы 7 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Қорғау-2023» РКШОЖ іс-шарасы аясында Қарағанды ​​облысының аумағында барлық дыбыстық сиреналарды іске қосу арқылы ескерту жүйелеріне техникалық тексеру жүргізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауларын және ешқандай әрекет жасамауларын сұраймыз, делінген хабарламада.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button