Руханият
Ертең қаланың мерейтойына орай гала-концерт өтеді
Ертең, 10 ақпан күні сағат 17:00-де Кеншілер мәдениет сарайында қала тұрғындары мен қонақтарының құрметіне «Қазыналы өлке – Қарағанды» атты гала-концерт өтеді.
Қарағандының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерттің қонақтары ретінде еліміздің эстрада жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Ерлан Көкеев, Марат Бекішев, Мәди Сыздықов қатыспақ.
Кіру тегін.
Сонымен қатар, жыл бойы қала күніне орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz