Бас тақырып
Ертең аймақта 35 градусқа дейін аяз болады
Ертең аймақта қатты жел тұрып, 35 градусқа дейін аяз көтеріледі. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

– 12 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты аяз күтіледі, – делінген хабарламада.
Департамент мамандары облыс тұрғындарынан ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты жіті қадағалап отыруға шақырады. Елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға, шыққан жағдайда көлік құралын қысқы пайдалану жағдайларына сәйкес тексеруге шақырады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz