Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінде қалды
Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Бүгін сондай-ақ Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Ал Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-министрдің орынбасары — Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Артынша Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болатыны белгілі болды.
Мәди Такиев Қаржы министрлігін басқара береді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



