Бас тақырыпРесми

Президент Премьер-министрдің орынбасарларын тағайындады

Нұрлыбек Нәлібаев пен Қанат Бозымбаев бұрынғы лауазымына қайта тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары мен орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет ҚР Үкіметі

Президент Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button