АймақБас тақырып

Ермағанбет Бөлекпаев АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Қарағанды облысына АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм танысу сапарымен келді. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде экономикадағы ахуал, білім берудегі ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері туралы сөз болды.

– Қарағанды облысы – индустриалды өңір. Экономиканың негізін қара және түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі және машина жасау құрайды. Жыл басынан бері облыстың сыртқы сауда айналымы 2,5 млрд АҚШ долларын құрады. Жергілікті өнім әлемнің 54 еліне, оның ішінде АҚШ-қа экспортталады. Облыс аумағында американдық компаниялардың қатысуымен 6 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар сауда, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, жылжымайтын мүлікпен операциялар, білім беру сияқты салаларда жұмыс істейді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Облыс әкімі бірлескен кәсіпорындар құру және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екендігін атап өтті. Жобаларды іске асыру “Сарыарқа” ЕЭА және Saran индустриялық аймағының аумақтарында мүмкін.

Менің дипломатиялық миссиям барысында Қазақстанның барлық өңірлеріне баруға тырысамын. Өңірдегі жағдаймен танысу үшін Қарағанды облысына келдім. Экономиканың жай-күйі туралы мүмкіндігінше көбірек білу қызықты, – деп атап өтті Дэниел Розенблюм.

Елші шағын және орта бизнесті дамытуға қызығушылық танытты.

– ШОБ дамыту – басым бағыттардың бірі. Біз барынша қолайлы жағдайлар жасаймыз: бұл әкімшілік кедергілерді азайту және мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдікті несиелер алу мүмкіндігі. Аймақтық қолдау бағдарламалары бар. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл сайын артып келеді. Жұмыс істеп тұрған өндірістер кеңейіп, жаңа кәсіпорындар ашылуда, – деп жауап берді Ермағанбет Бөлекпаев.

Елшінің айтуынша, ол аймақтың кейбір кәсіпорындарына баруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Н. Гоголь атындағы кітапхананың американдық бұрышына барып, ағылшын тілін оқитын студенттермен кездесу өткізді. Даниэль Розенблюм Қарағанды университеттерінің ректорларымен де сөйлесті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button