Спорт

ЕРЛІК – ЖҮРЕКТЕ

        Астананың туған күнінде Беларусь елінен еркін күрестен спорт шебері Жұматай ШУБАЕВ келді. Жақында Беларусь Президентінің қолынан “Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы” атағын алған алғашқы қазақ өз қуанышын жерлестерімен бөлісті.

121212

Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының спортшыларымен кездес­кен Жұматай Маратұлы спорттағы жетістіктеріне тоқталды. Білім ошағаның жаттығу барысымен танысты.

– Небары 15 жасымда Беларусь мемлекетіне бардым, 30 жыл өтіпті. Қазірге дейін сол елде тұрамын. Ал, бүгін спортқа бейім жастардың көбі осында оқиды дегенді естіп, алдымен осы мектепке ат басын бұрдым, – деп бастады әңгімесін.

Жалпы, қазіргі таңда Ә.Молда­ғұлова атындағы мектепте 320 бала тәлім алады. 12 спорттың түрі бойынша дзюдо, бокс, еркін күрес түрлерінен жаттығады. Спорт шебері өз сөзінде осыған дейін талай үздіктерді дайындаған мектептен, алдағы уақытта да чемпиондар шығатынына кәміл сенімді екенін тілге тиек етті.

Жалпы, Жұматай Маратұлы – әлем­дік сайыстарда Қазақстанның намысын қорғаған балуан. Қазіргі таңда еркін күрестен Беларусь жастарын жаттықтырады. Спорт  шебері ата-мекенінен алыстауын, сырт ел асып өмір сүруге мәжбүр болғанын Кеңес Одағы тұсында орын алған түрлі тарихи жағдайлармен байланыстырады. Қазіргі таңда Беларусь елінде бір жарым мыңға тарта қазақ бар екен. Олардың көбі республика астанасы Минскіде, қалғаны Брест, Гомель, Могилев, Гродно, Лида қалаларында тұрады.

Жұматай ШУБАЕВ, еркін күрес­тен спорт шебері:

– Қазіргі таңда Беларусь республикасында тұратын қазақ диаспорасында біршама адам бар. «Атамекен» қоғамдық бірлестігі аясында бір-бірімізбен араласып тұрамыз. Алдағы уақытта Қазақстаннан келген жас спортшыларды жаттықтыруға атсалысып, екі ел арасында достық көпірін жалғағым келеді.  

Беларусь республикасында тұратын қандасымыздың алдағы жоспары Польша қаласында, Қазақстанның және Беларусь елдерінің командалары арасында еркін күрестен өтетін дайындық жұмыстарына атсалысып, Париж қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алу. Сөйтіп, ағайыннан жырақта жүрсе де, спорт арқылы кейінгі толқынға еркін күресті кеңінен дәріптемек.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button