Ерлігі – елге ұран

5 мамыр күні Қарағандыдағы әскери техникалық колледжі полигонында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Кеңес Одағының батыры, Қарағанды облысының тумасы, Курск доғасындағы шайқаста қаза болған Амантай ДӘУЛЕТБЕКОВТІҢ ерлігіне арналған «Тарихта қалған батырлар» әскери-тарихи квест өткізіледі.

Ұлы Отан соғысының Ж嬬ңісіне 73 жыл және Курск до¬ға¬сындағы шайқастың 75 жыл¬дығы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая¬сында ұйымдастырылатын ша¬раның мақсаты өскелең ұрпақты патриоттық сезімге, қазақстандық батырларға мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу.
Небары бір жыл майдан даласында болған А.Дәулетбеков өз қаруластарымен жаудың 29 танкісін, өздігінен жүретін 13 артиллериялық қаруын істен шығарып, 200-ден астам фашистердің көзін жойған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Амантай Дәулетбековке 1943 жылдың 24 желтоқсанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
Аталмыш іс-шараға батырдың шөбересі Рахман Әбішев қатысады деп жоспарлануда.
Соғыс кезіндегі уақытты көрсету үшін «Астана» аймақтық басшылығымен оқыту полигоны, жауынгерлікке жақын әскери техника ұсынылады: зеңбірек қаруы, құрышпен қапталған және дөңгелекті техника, әскери асхана, медициналық палатка. Сонымен қатар, неміс әскері рольдерін сомдайтын әскери қызметкерлер қатысады.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.