Жаңалықтар

Ерлерге құрмет, ерлікке тағзым

         Бүгін Кеңес жауынгерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толып отыр. Бұл қасіреттің басталуы 1978 жылы сәуір айында Ауғанстанда мемлекетті басқару билігі үшін таластан кейінгі төңкерістен туындаған.  Осы соғыстың салдарынан жалынды жастар жат елде жан тапсырып, қандастарымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды.

Баласын, бауырын, ағасы мен інісін майданға шығарып салған еліміздің, қанды қырғынның ортасынан оралған сарбаздардың да жүрегінде Ауғанстан қасіреті мәңгілік қара дақ болып қалды.

Аталмыш соғысқа Кеңес Одағы бойынша 620 мың жауынгер қатысып олардың 13 мыңнан астамы мерт болып, 53753 жауынгер елге мүгедек болып оралды. Ал, Қазақстаннан 22 мыңнан астам жауынгер майдан даласына аттанып, 924-і соғыста қаза тапса, 1015-і мүгедек болып оралды, 21 жауынгер хабарсыз кетті. Бұл соғысқа Қарағанды облысынан 2000 жауынгер қатысты. Олардың арасында 86 жерлесіміз қаза тапты.

Ауғанстан соғысыда ерлік көрсеткен, қанды қырғында қайсарлық танытқан қарағандылық жауынгер-интернационалистерді мақтан тұтамыз. Бұл бағалы тарихи деректерге айналған жайттарды, Ауғанстан жерінде орын алған соғыстың ақиқаты мен қаһарлы күндерін қазіргі жас буын өкілдерінің білуі шарт. Сол арқылы тарихта қалған Ауғанстан майданы ардагерлерінің қаһармандығынан тәлім алып, ел азаматтарының сол кездегі бастан кешкен қасіретін зерделеп, ел тыныштығын сақтау жолындағы ерліктерін бағалау басты міндет. Осы мақсатта бүгін өңіріміздің азаматтары, Ауғанстан майданының ардагерлері Ауғанстан соғысының құрбандарын еске алады.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button