ЖезқазғанСпорт

Ерлер есімі ұмытылмайды

   Жақында Жезқазған қаласының ІІБ қызметкерлері Темірболат ШАЙХИН, Бауыржан БАЙБОЛОВ, Думан МАКИШЕВ, Думан БЕЙІСОВ, Аслан БЕЙСЕНБАЕВТЫ еске алуға арналған қазақша күрес және шағын футболдан турнир өтті.

Айтулы жарыстың өткізілуіне Жезқазған қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясы ротасы ұйытқы болды. Турнирдің салтанатты ашылуына қатысқан Жезқазған қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Аманжол Кәрімов қаза тапқан қызметкерлер туралы естеліктер айтып, олардың отбасыларына амандық тіледі.

Бұдан кейін іс-шара қазақша күреспен жалғасын тауып, шағын футбол додасымен қыза түсті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақша күрестен 70 келі салмақта әскери қызметкер Е.Коңыров, 80 келі салмақта жол-патрульдік полиция ротасының қызметкері, полиция сержанты Қ.Махмұт, 90 келі салмақта АК-159/25 мекемесінің қызметкері Е.Ниязалин жеңімпаз атанды. Шағын футбол жарысынан мамандандырылған күзет қызмет басқармасы – І орын, Өрт сөндіру қызметі – ІІ орын, АК-159/25 қызметі – ІІІ орын иеленді.

А.РЫМБЕКОВА,

Жезқазған қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button