Ерлан Нығматулин: «YDD Corporation» коронавируспен күресуге 100 миллион теңге бөлді»

«YDD Corporation» Қарағанды ферроқорытпа зауыты төтенше жағдай барысында мемлекет қабылдаған іс-шараларды қолдау үшін Қарағанды облысында құрылған қорға 100 миллион теңге бөлді.

Кәсіпорын акционерлері Ерлан Нығматулин, Давид Кемертелидзе және Жармұхамед Аппаз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің игілігі үшін ортақ іске ат салысып, COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету туралы үндеуін қолдап, өз үлестерін қосуға шешім қабылдады.

— Қазір біз барлығымыз бірігетін уақыт. Біздің кәсіпорын да шетте қалып қоя алмады. Біз қазақстандықтар мен еліміздің экономикасын қолдау үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз, — деді YDD Corporation акционері Ерлан Нығматулин.