Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

«Еркін елдің ұланымыз!»

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында облыстың барлық білім беру ұйымдарында облыстық акциясы басталды. Үш күнге жалғасатын шара «Жасампаздыққа толы жылдар» идеясы аясында өтуде.

Акция шеңберінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, 4 мамыр күні облыстың білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың үздік мұғалімі – 2021» облыстық конкурсының ақтық кезеңі өтті. Сайыс алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және бағалау мақсатында өткізілді. Ақтық кезеңге 7 педагог қатысты.

Мұғалімдер әдістемелік әзірлемелерімен (авторлық бағдарламалар, электрондық оқулықтар, сыныптан тыс іс-шаралар сценарийлері, «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің қысқа мерзімді жоспарлары) бөлісті. Сондай-ақ электронды түрде бейнероликтер түрінде «Визит карточкаларын» ұсынды. Байқауда Жезқазғандағы №13 мектептің мұғалімі Нұрлан Жекенов алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың үздік ұстазы болып танылды.

Бүгін ZOOM конференциясы форматында жоғары оқу орындары, Т. Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі, облыстың жалпы білім беретін мектептері өкілдерінің қатысуымен «Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұстау» атты дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар жастарды тәрбиелеудегі әскери-спорттық клубтың маңыздылығы мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, бүгін облыстың мамандандырылған мектеп-интернаттарының оқушылары арасында дебаттық турнир де өтуде.

Ал, ертең Youtube каналында көрсетілімі бар ZOOM конференциясы арқылы «Жас Сарбаз» сынып оқушылары арасында І облыстық «Мен – елімнің патриотымын» фестивалін өткізу жоспарланған. Жеңімпаздар дипломдар және сертификаттармен марапатталады.

Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Back to top button