Жаңалықтар

Еріктілер қатарын толықтырыңыз

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне еріктілерді іріктеудің екінші кезеңі басталды. Бұған дейін тестілеуден өткен 3000 еріктінің қатарына тағы да мың жарым ерікті қосылатын болады. Мұндай қажеттілік көрме аясында бірқатар ауқымды халықаралық деңгейдегі форумдар мен іс-шаралар өткізілетіндіктен туындап отыр.

Мәселен, Бүкіләлемдік туристік ұйыммен бірлесе отырып, туристік форумның өткізілуі туралы келісім жасалды. Сондай-ақ, дүниежүзінің 165 мемлекеті қатысатын World Boxing Council Конвенциясының 55 жылдық мерейтойы мен кәсіби бокс кешін ұйымдастыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Тағы бір мақсат – қатысушылар көлемін ұлғайту. Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. Тағы да бірнеше мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, кейбір мамандардың пікірінше, қатысушылардың саны әлі де ұлғаяды.

Алғашқы тестілеуден жоғары оқу орындарының студенттері өтеді. Өңірлер мен Алматы қаласынан қатарға қосылғысы келетін еріктілер үшін әңгімелесу күздің аяғына таман ұйымдастырылады.

«ЭКСПО – 2017» көрмесінің еріктісі қатарына 18 жасқа толған, алайда, 80-нен аспаған кез келген адам қосыла алады. Талаптардың тағы бірі – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу. Үміткердің мәдени іс-шараларға белсенді қатысушы ретінде танылуы, тіптен, абзал. Жалпы, келесі жылы көрмеге 4500-ден аса еріктіні тарту көзделіп отыр.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button