Бас тақырыпБілім

Енді бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады

Қазақстандық 1-сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады.

Сурет: ашық дереккөз

Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. Енді 1-сынып оқушылары қыс мезгілінде екі рет демалады. Бүлдіршіндерге үшінші тоқсанда 5-11 ақпан аралығында бір апта қосымша демалыс беріледі.

Осылайша 2023-2024 оқу жылында бірінші сынып оқушылары 33 апта, 2-11 (12) сыныптар 34 апта оқиды. Жалпы, үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button