Жаңалықтар

Емханада – Наурыз-той

Қарағанды қаласындағы №3 емхана қызметкерлері наурыз мерекесін жыл сайын тойлауды дәстүрге айналдырған. Холлда ұлттық тағамдар қойылған үлкен дастарқан жайылып, қызметкерлермен қатар, осы жердің тұрақты емделушілері де мерекелік астан дәм татты. Концерттік бағдарламаны тамашалап, тіпті, өздері де өнерлерін көрсетті. Мақсат – қазақтың ұлттық мерекесін дәріптеу ғана емес, сондай-ақ, тұрғындардың медицина саласына деген оң көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.

3 емхана директорының орынбасары Шолпан Исатаева «Науқастардың көңіл-күйін жақсартып, тез сауығып кетулері үшін ұйымдастырамыз» дейді. Мекеме басшысы Сәния Боранқұлованың бастамасымен жақсы үрдіске айналған Наурыз мейрамын тойлау барысында бөлім қызметкерлері ұлттық тағам түрлерінен сайысқа түсіп, марапаттауларға ие болады. Дастарқанға емхана қызметкерлері, медицина саласының ардагерлері, емхананың тұрақты емделушілері шақырылады.

Гүлсағира Құтышева біраз жылдардан бері осында медбике. Зейнет жасына келсе де, сүйікті ісінен қол үзбей, дертіне дауа іздеп келгендерге әлі күнге дейін қызмет жасап келе жатқан ардагер қызметкерді емхана әкімшілігі осы күні алпыс жасқа толуымен және адал қызметі үшін марапаттап, сыйлық табыстады. Қызметкерлердің, мекеме кәсіподағының күшімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны көріп, көңілдері көтерілген емделушілер ұлттық тағамдардан дәм татқан балалар да шат-шадыман.

Дәрігер – ең бірінші адам. Сондықтан, денсаулыққа араша түсумен бірге, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу – міндетіміз. Емделушілердің медицина саласына деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, емделушілермен бірге екенімізді білдіргіміз келеді,– дейді Шолпан Құдайбергенқызы.

Әлбетте, көтеріңкі көңіл-күйдің денсаулыққа оң әсер ететіні даусыз.

Салтанат Ильяшова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button