Жаңалықтар

Элитаның жаңа буыны

Қазіргі таңда облыстың әрбір бесінші азаматы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Бұл – өңір халқының 21,1 пайызы.

Елбасы ел жастарымен өткен жиында ғылымға терең бойлағандарға қолдау көрсетуді тапсырды.

«12 мың «Болашақ» түлегі, Назарбаев университетінің түлектері, КиМЭП – бәрі де қазірдің өзінде біздің елдің келешектегі элитасын құрып жатыр. Жас ғалымдарға өз идеясын шынайы жобаларға айналдыруда көмектесу керек»,– деп атап өтті Елбасы.

Біздің елдің келешектегі элитасы – БҰҰдағы алты ресми тілге еніп, әлемдік тіл мәртебесіне ие болған ағылшын тілін еркін меңгерген жастар. Ақылды технологияның заманы келді десек, осы бағытта ұйымдастырылатын халықаралық кездесу, көрме, мәдени шараның дені ағылшын тілінде өтетінін ескерген жөн. Шетелге бара қалсаң, қазақтың тәмсілі еске түседі. «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың». Жастар көп тілді меңгергеннің нәтижесінде әлем елдерімен байланысты IT жобаларға, аграрлық секторды дамытуға арналған тың бастамаларға қатысуға мүмкіндік алады. Бұл біздің елдің жастарына аса қажет.

Олай дейтінім, мен әлемнің 11 елінде болдым. Тіл үйрендім, жаңа жобалар ойлап таптым. Қазіргі таңда төрт тілде еркін сөйлеймін. Тіл меңгерген мүмкіндігімді тәжірибеге айналдырып, өз елімде жүзеге асырдым. Қарағанды жастары үшін «Dreamway» шет тілін үйрету орталығын аштым. Біздің орталықтан білім алған жастар, қазіргі таңда Италия, Түркия елдерінде магистратура, резидентурада оқып жүр.

ХХІ ғасырдың жастары бір деңгейде тұрмайды. Қоғаммен қатар даму арқылы Қазақстанның жаңа элитасын құрады.

Әділ КҮЛЖАНОВ,

 “Dreamway” тілдерді оқыту орталығының директоры.

Басқа материалдар

Back to top button