Еліміздің бес облысында қасқыр атуға тыйым салынды
Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Фейсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды«Қазақпарат».
Үстіміздегі жылдың соңына дейін Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қасқыр атуға тыйым салынды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл өңірлерде аталған дала жыртқышының түрі азайып кеткен. Атап айтар болсақ, Ақмола облысында 30 қасқыр қалса, Қарағанды облысы бойынша аталмыш киелі аңның 393 басы ғана қалған. Ал өткен жылдың дерегі бойынша жалпы ел аумағында 13 мыңнан аса қасқыр бар.
Ескере кететін жайт, жоғарыда аталып өткен бес өңірде қасқырды тек қана адамға немесе үй жануарларына шабуыл жасағанда, сондай-ақ, ауылды елді мекен маңында жүрген жағдайда ғана аулауға рұқсат етілген.