Жаңалықтар

Елімізде қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемді әбігерге салған коронавирусты пандемия деп жариялады. Бүгінге дейін вирус 114 елде тіркелген. Қазір Қытай мен Оңтүстік Кореяда індеттің таралуы айтарлықтай азайған. Әйтсе де, алдағы уақытта сырқатқа шалдыққандар саны мен өлім-жітім көрсеткіші ұлғаюы  мүмкін. Бұл туралы ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді.  

Өз кезегінде Қазақстан Үкіметі вирустың алдын алу шараларын қолға алды. Елдегі қоғамдық іс-шаралардың барлығы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Твиттер” парақшасында жазды.

“ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс”, – деп жазды Президент.

Басқа материалдар

Back to top button