Бас тақырып

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда 12-13 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Сурет: Ашық дереккөз

– Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде кезекті атлантикалық циклон әсерінен қарашада жауын-шашынды, бұл ретте айтарлықтай жылы ауа райы күтіледі. Батыстан шығысқа қарай жылжып, циклон өз жолында жауын-шашын тудырады: түнде жаңбыр мен қар түрінде, күндіз негізінен жаңбыр түрінде, 12 қарашада оңтүстікте, 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр және қар) болады, – делінген хабарламада.

Болжам бойынша 12 қарашадан бастап антициклонның екпіні батысқа тарай бастайды, жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 8-18 градус Цельсийге дейін көтеріледі деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Материалды әзірлеген А.РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button