ЕЛГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК
Балқаш қаласының 80 жылдығына орай оқу орындары арасында өнер байқаулары өткізіліп, жеңімпаздар анықталуда. Жас жеткіншектер өздерінің сүйікті қалаларына деген махаббатын, жүрекжарды сүйіспеншілігін арнайды. Мәселен, өнер мектебіндегі фортепиано бөлімінде «Менің сүйікті қалам» атты байқау өткізілді. Жас орындаушылардың шеберлігі көңіл қуантады. Ізденгіш өнерпаздар классикалық туындыларды орындап шығуға бетбұрыс жасады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы және Қазақстан композиторларының шығармаларын орындап,өнерлерпін паш ете білді. Мұндайда сонымен қоса, әр өнерлі жастың жеке орындаушылық мүмкіндігі айқындалып, сарапқа салынады.
Елге, жерге деген құрмет осындай ізгіліктен басталады. Жалындаған жас жүректің Отанға деген іңкәрлігін бірден байқайсыз. Иә, заман сендердікі жас дос. Әніңді шырқа, білім бұлағымен сусында, ел болашағын көркейтетін болашақ тұғырыңды қазірден-ақ таңдап ал.
Балқаш қаласы.