Ресми

Елге 5 миллионнан астам шетелдік келген

Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов еліміздегі көші-қон жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Экспресс К. Сайтына сілтеме жасап.

Биыл елге 5 миллионнан астам шетелдік келген. Олардың басым бөлігі Ресей Федерациясынан келген. 2 миллион 900 мың адам ел аумағына кірген. Екінші орында — Өзбекстан (2 миллион 300 мың адам) тұр. Ал, Қырғызстаннан 730 мың, Тәжікстаннан 330 мыңнан астам және Түркиядан 90 мыңға жуық адам келген, –дейді Аслан Аталықов.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда уақытша 650 мың шетелдік жүр. Елден 6 миллионға жуық адам кеткен.

Басқа материалдар

Back to top button