Спорт

Елена Рыбакина – финалда

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елен Рыбакина теннистен Аустралия ашық біріншілігінің (Australian Open) финалына жолдама алды. 

Отандасымыз «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің екі дүркін жеңімпазы, беларусь қызы Виктория Азаренко болатын.

Бірінші сет қызықты, тартысты өтті. Екі теннисші алма-кезек брейк жасап, 7:6 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді.

Ал екінші кезеңде беларусь спортшысы қарсылық көрсете алмады. Есеп – 6:3.

Осылайша, қазақстандық теннисші спорттық карьерасында екінші мәрте «Үлкен дулыға» санатындағы турнирдің финалына шығып отыр. Бұған дейін былтыр «Уимблдонда» топ жарған.

Енді ол финалда Арина Соболенко мен Магда Линетт арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Басқа материалдар

Back to top button