Спорт

Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида 2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге финалда бразилиялық Луиза Стефани мен америкалық Тейлор Таунсендпен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-ресейлік жұп 5:7, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберді.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Рыбакина мен Павлюченкова 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Ал, қарсыластары 6 эйс, 5 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Финалға дейін жеткені үшін Елена мен Анастасия 305 рейтингілік ұпайға ие болып, 24 300 АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

Бұл Рыбакинаның WTA додаларындағы екінші финалы еді. 2021 жылы қазанда Индиан-Уэллс жарысында да ақтық кезеңге дейін жеткен еді.

Басқа материалдар

Back to top button