Жаңалықтар

Электронды сауда – бизнесті дамытуға жаңаша ынта

Электрондық коммерция қазіргі заманғы экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Тауарларды интернет жүйесі арқылы сатып алатын тұтынушылар саны артуда, ал коммерциялық ұйымдар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде осы желінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Осыған байланысты қолайлы бизнес-орта құру және электрондық сауданы дамытуды ынталандыру мақсатында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауда саласында алынатын кірістерді корпоративтік және жеке табыс салықтарынан 0% -ға дейін босату бөлігінде жалпыға ортақ белгіленген тәртіпте заңды тұлғалар мен жеке  кәсіпкерлер үшін преференциялар күшіне енді.

Бұл ретте жаңа Салық кодексінде тауарлармен электрондық сауда түсінігі айқындалған:

біріншіден, тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

екіншіден, тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

үшіншіден, тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, жеке кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын жеке кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Салықтық есептілікті тапсыруды жеңілдету үшін кәсіпкерлердің электрондық сауда саласындағы әкімшілік шығындарын азайту мақсатында салықтық жеңілдіктердің автоматтандырылған тәртібін енгізу үшін НҚА әзірленеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлемдердегі комиссияны едәуір төмендету үшін лездік мобильді төлемнің жаңа жүйесін құруда, сөйтіп,  бизнесті онлайн режимде жүргізудің тартымдылығына жағдай жасалады.

«Атамекен» ҰКП электрондық сауда саласында кәсіпкерлік субъектілерінің құзыретін арттыру үшін «Бизнесті онлайн шығару»  бизнесті жүргізуді сервистік қолдау арқылы базалық цифрлық дағдыларын   оқыту көзделген.

«Казпошта» АҚ кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру мақсатында E-commerce орталықтары базасында «толық дайын» онлайн-дүкендерін құру бойынша қызметтер көрсетілетін болады, осылайша бизнесті оффлайн режимнен онлайн режимге ауыстыру үшін, интернетте бизнесті жүргізу дағдыларын үйрету және оны сүйемелдеу, сондай-ақ аутсорсинг, логистика негізінде көрсетілетін қызметтерді сүйемелдеу, интернет дүкендердің сайттарын үлгілеуде техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ете отырып, жүйелік платформаларда оңтайлы шешімді таңдауда кеңес беруде жағдайлар жасалады.

Сонымен бірге, бұл норма 2022 жылға қарай электронды сауда мен  онымен байланысты салаларда шамамен 200 мың жаңа жұмыс орнын құру үшін, жаңа интернет-дүкендерін ашу, онлайн-тапсырыстардың санын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Бұл норманы қолдану 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылатын болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button