Жаңалықтар

“Елдестірмек –елшіден”

Қарағанды қаласының мектептерінде даулы, жанжалды жайттарды шешуге арналған татуластыру қызметтері ашылды. Ілкі жоба екі білім мекемесінде іске қосылды. Татуластыру қызметтерінің үйлестірушілері мектеп психологтары болады. Егер, күрделі жайттар кездессе, «Дауларды шешу орталығы – Диалог» ЖМ кәсіби медиаторлары көмекке келеді. Мектептерде медиация туралы стендтер орнатылды. Қазан айында педагогтар мен жоғары сынып оқушылары арасында медиация мәселелеріне қатысты бес семинар өткен көрінеді. №86 ЖББМ-де оқушылардың бастамасымен сенім поштасы жұмысы ашылды. Оған анонимді түрде хат жолдауға болады. Ал, № 2 лицей негізінде мектеп оқушыларына медиация саласын түсіндіру жұмыстары басталды деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button