Елде 5,9 балдық жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 03:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 2213 шақырым жерде, Каспий теңізінің акваторийінде орналасқан.
Тербелістің энергетикалық санаты – 12.3. MPV, магнитудасы – 5.9. Тереңдігі – 5 км. Эпицентр координаттары – 40.37° с.е. 50.86° ш.б.
MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.