Жаңалықтар

Елбасы сайлау науқаны туралы айтты

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымда өтетін Президент сайлауында қазақстандықтардың дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ, қатысушыларды саяси бәсекенің қағидаттары мен ережелерін сақтауға шақырды.

«Егер сайлаушылар «Nur Otan» партиясының кандидатына қолдау білдірсе, бағыт-бағдарымыздың дұрыстығын тағы бір мәрте дәлелдегеніміз. Азаматтарымыз дұрыс таңдау жасайды деп кәміл сенемін. Алдағы науқанға қатысушылардың барлығын сайлау заңнамасын және саяси бәсекенің негізгі қағидаттар мен ережелерін сақтауға шақырамын», Нұрсұлтан Назарбаев.  

Басқа материалдар

Back to top button