Жаңалықтар

Елбасы: “Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстанды басқаруға лайықты азамат”

“Nur Otan” партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауына партия атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына қолдау білдірді.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі БҰҰ деңгейінде  жоғары бағаланғанын білесіздер. Осы жаһандық құрылымда ол Бас хатшының орынбасары ретінде қызмет етті. Дипломатиялық жетістіктерімен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік басқару  саласында да мол тәжірибе жинады. Ол ел дамуының ең  күрделі кезеңінде  Қазақстан Үкіметін басқарды. Естеріңізде болса, 1998 жылғы  Азиядағы қаржы дағдарысынан кейін  экономиканы қалпына келтіруге атсалысты.

Сол жылдары ол менің Ұлттық қор құру туралы идеямды толық қолдап, оның құрылуына атсалысты. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі,  даму институттары осы кезде пайда болды. Әлеуметтік жаңғыру жолында алғашқы қадамдар жасалды. Жаңа зейнетақы жүйесі қалыптасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы ретінде Қазақстандағы парламентаризмнің жаңа заң шығару қызметіне мол үлес қосты. Осы жылдар ішінде ол маған сенімді серік болып, елімізді одан ары өркендеуге қатысты ұстанымымды қолдап келеді. Мен оған толық сенемін және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп есептеймін»,деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Басқа материалдар

Back to top button