Жаңалықтар

“Ел жүрегі – Астана”

       Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментіндегі Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің Кәсіби дайындық мектебінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған “Ел жүрегі – Астана” атты кітап көрмесі өтті.

Аталған департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтық қорғау полковнигі Р.Галимжанов келішулерді Елордамыздың өткені, бүгіні мен болашағы, өркендеуі турасында жарық көрген кітаптармен таныстырды. Көрмеге Астананың гүлденуі жолында тынымсыз тер төгіп келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайындағы туындылар,  Президенттің Астана қаласына қатысты күрделі шешімдері, қала болашағы туралы ойлары, Астана сәулеті мен келбеті һақында жазған еңбектері қойылды. Айта кетерлігі, бұл кітаптар аталған департамент қызметкерлерінің күшімен жинақталған еді.

Р.Галимжанов Елорда тари­хына көз жүгіртіп, бүгінгі же­тістіктеріне, қаладағы әсем ғимараттарға тоқталды. 2017 жылы Астанада өткен елеулі оқиға – «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі департамент қызметкерлерінің қосқан үлесі туралы да айтып өтті.

Қазіргі таңда Астана – әлем назарындағы ең жас елорда. Өткен 20 жылда Астанамыз таң­ға­ларлықтай өзгеріп, әлемдік деңгейдегі келелі мәселелерге қатысты үн қоса алатын  мәр­тебелі шаһарға айналды. Оның одан әрі жандануы үшін де күш-жігерімізді аямай, өз үле­сі­мізді қосуымыз керек.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button